Алматыда WT Таеквондодан республикалық ашық турнир өтеді
Қазанның 26-сы мен 28-і күндері Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 42, Атакент саябағы 9-С павилионында WT Таеквондодан «Жеңіс» кәсіби спорт клубының кубогы үшін республикалық ашық турнир өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Жарыстың бірінші күні 6-7 жас, 10-11 жас ұлдар, қыздар 2 раунд 1,5 минуттан үзіліс 30 секунд KPNP электронды төрешілік жүйесінде кез келген қатысушылар бақ сынайтын болса, екінші күні 8-9 жас ұлдар, қыздар 2 раунд 1,5 минуттан үзіліс 30 секунд, 12-14 жас жас ұлдар, қыздар 3 раунд 1,5 минуттан үзіліс 30 секунд, 12- KPNP электронды төрешілік жүйесінде өтеді.
Қазақстаннның әр аймағынан келген мықты спортшылар өнер көрсетеді. Бұл жарыс Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 42, Атакент саябағы 9-С павилионында өтеді. WT Таеквондо ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері мен жас айырмашылығы бойынша өткізіледі. 26-сы күні 10:00-18:00-ге дейін салмақ өлшеу, 27-сі жарыс басталуы сағат 09:00-де басталады, ашылу салтанаты 14:00-де. (екі күн)
Бұл турнирге қыздар мен ұлдар қатыса алады. Ол үшін регламентке сәйкес жарыстың www.tkdream kz сайтына тіркеліп тиісті қаражат төлеу қажет.
Турнирдін басты мақсаты елімізде шығыс жекпе-жегі таеквондо спорт түрін дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді анықтау.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар және дипломдар табысталады.

