Жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған жерлестер елге оралды
Жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада жерлестеріміз тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz порталына сілтеме жасап.
<span>Ұлттық құрама қоржынында 4 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлде бар. Бұл жалпы есепте 14-ші орынға тұрақтауға мүмкіндік берді. </span>
Глеб Брусенский, Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы:
<span> - Бұл - командалық жұмыстың нәтижесі. Евгений екеуміз бала кезден бірге жаттығып жүрміз. Қыр-сырымызды жақсы білеміз. Соның арқасында, азулы қарсыластармыздың алдын орап кеттік. Ал бұл - Астана әуежайы. Әлемдік аламанда алдында жан салмаған қос спортшыға Олимпиада чемпиондарындай құрмет көрсетіліп жатыр. Несі бар? Бүгін жасөспірімдер арасында топ жарса, ертең ересектер арасында олимп шыңын бағындырады деген сөз ғой. Осы тұста біз бапкерін сөзге тартуға тырыстық. Өйткені үнемі бұл мамандардың жұмысы көрінбей қалады. Ал жүлдеге талас кезінде ең көп терді төгетін де, ең көп жүйкесін жұқартатын да негізі осы адамдар.</span>
Серік Жарасбаев, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:
<span>- Бұл өте үлкен нәтиже деп есептейміз. Енді осы спортшыларымызды біраз уақыттан кейін Ұлттық олимпиадалық комитет пен министрлікпен бірлесіп ресми марапаттау өткізуді жоспарлап отырмыз. Расымен де, ел намысын абыроймен қорғаған спортшылар қандай мадаққа болсын лайықты. Жалпы Аргентинадағы аламан жерлестеріміз үшін үлкен тәжірибе болды. Елдің иммиджіне де жақсы үлес қосылды. Ендігі мақсат – 4 жылдан кейін өтетін келесі байрақты бәсекеде осы жетістіктен кем түспеу мақсаты тұр. Тіпті орай келіп жатса, асып түсу керек.</span>