Шымкентте стенд атудан халықаралық турнир өтеді

Шымкентте стенд атудан халықаралық турнир өтеді

21-30 қазан аралығында Шымкентте стенд атудан КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. 

Мергендер сайысына Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Қарағанды және Павлодар облыстары, сондай-ақ, Жамбыл облысының спортшылары қатысады.

Турнирде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан спортшыларының да бақ сынайтынын хабарлаймыз. 

Еске сала кетейік, стенд атудан Азия ойындарында қазақстандық Мария Дмитриенко қола жүлдегер атанды. 

Ал жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Андрей Худяков үздік үштікке енген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или