Батысқазақстандық спортшы қол күресінен әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Батысқазақстандық спортшы қол күресінен әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Батысқазақстандық Кенжеқыз Қаупенова Түркияның Анталия қаласында қол күресінен жастар мен қыздар арасында өткен әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

<span>Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Кенжеқыз 65 кг салмақта күміс жүлдені жеңіп алды.</span>

<span>Батыс Қазақстан облысынан барған тағы бір спортшы Арайлым Қанатова төртінші орынға табан тіреді. Екеуін де Мұрат Ибатов жаттықтырады.</span>

<span>Бұдан бір жыл бұрын Кенжеқыз Қаупенова Мажарстан астанасы Будапеште жастар арасында өткен әлем біріншілігінде жеңімпаз атанған болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или