Спорттық гимнастикадан Токио Олимпиадасының алғашқы жолдамалары сарапқа салынады

Спорттық гимнастикадан Токио Олимпиадасының алғашқы жолдамалары сарапқа салынады

Қазанның 25-і мен қарашаның 3-і аралығында Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан 48-ші әлем чемпионаты өтеді.

Дүбірлі сынға әлемнің 56 елінен 500 гимнаст қатысады деп күтілуде. Тап осы біріншілікте 2020 жылғы Токио Олимпиадасының алғашқы жолдамалары сарапқа салынады. Катарда ерлер арасында сегіз, әйелдер арасында алты медаль жиынтығы өз иесін таппақ. 

Қазақстан командасының бас бапкері Александр Ким әлемдік сынға қатысатын гимнастардың есімін атады. 

Дүбірлі додаға Милад Карими, Нариман Курбанов, Ербол Жантықов, Аким Мұсаев, Ілияс Азизовқатысады. Ал қыздар арасынан ел намысын Екатерина Чуйкина мен Аида Бауыржанова қорғамақ. 

Ілияс Азизов, Ербол Жантықов пен Аким Мұсаев көпсайыста бақ сынаса, Нариман Курбанов өзінің оң жамбасына келетін ат снарядында жүлдеге таласады. 

Милад Карими қол тіреп секіру, еркін және биік кермедегі жаттығуда сынға түседі. 

Еске сала кетейік, аталған чемпионат келесі жылы Германияның Штутгарт қаласында өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі саналады. Яғни, келесі әлем чемпионатына қатысу үшін біздің спортшылар үздік 24 команда қатарына ену керек.

Осы әлемдік додада алғашқы үш орынды иеленген команда Токиодағы Олимпиада ойындарына тікелей жолдама алады. Ал қалған лицензиялар келесі жылғы чемпионатта және әлем кубогі кезеңдерінде сарапқа салынбақ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или