Семсерлесушілер тағы екі «алтын» алды

Семсерлесушілер тағы екі «алтын» алды

<span>Филиппиннің Манила қаласында өтіп жатқан семсерлесуден 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы екі «алтынмен» толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. </span>

<span>Саблядан Қазақстан әйелдер командасы финалда Оңтүстік Корея спортшыларын 45:32 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Қазақстан намысын Айбике Хабибуллина, Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик және Карина Доспай қорғаған болатын. Хабибуллина саблядан жекелей сында чемпион атанып, Әйгерім Сарыбайдың күміс жүлдегер атанғанын да естеріңізге саламыз </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или