Алматыда балаларға арналған заманауи футбол орталығы ашылды

Алматыда балаларға арналған заманауи футбол орталығы ашылды

Алматыда балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Қыран» футбол орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Рrosports.kz

Бұл салтанатты рәсімге қазақстан футболының ардагерлері, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Футбол орталығы атақты «Спутник» стадионының негізінде құрылған. Бұл нысан жылдар бойы жартылай бұзылған күйде тұр еді. Қала әкімшілігі мен и «Жас Қыран» жеке меншік ұйымының серіктестігінің арқасында «Спутник» толықтай қайта жасалды. 

Жаңа стадионда 800 адамға арналған төбесі жабылған орындық және оның астындағы бөлмелер, құрғату және су жіберу жүйесімен жабдықталған алаң, ФИФА сертификатына ие соңғы шыққан италиялық жасанды төсеніш төселген. Бұл жерде 500-ден аса жас футболшылар жаттығу жүргізе алады. 50 қызметкер жұмыс істейді. 

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек:

- Біз, қала тарапынан, бұл нысанды 15 жылға қолданысқа бердік. Көріп тұрғаныңыздай көп қаржы жұмсалды. Стадион қайта жасалды. Халықаралық стандартқа сай барлық жағдай жасалды. Жақын арада ФИФА да сертификат береді. Алдымен, жас футболшылардың ата-анасын құттықтағым келеді. Бастысы, олар отанымыздың бетке ұстар азаматтары болады. Патриот және жетістікке жеткен адам болатынына сенемін. Қаниев мырзаны осы мерекемен құттықтап, алматылық ретінде біздің қалаға сенім білдіріп, еңбек сіңіріп жатқанына алғыс білдіргім келеді. Бірге біз көп белесті бағындыра аламыз деп ойлаймын. Алматылықтар, сендерді осы мерекемен құттықтаймын. 

ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков:

- Бұның бәрі Алматы әкімшілігінің арқасында және біздің мемлекеттің спортқа, оның ішінде футболды дамытуға деген саясатының көмегімен істеліп жатыр. Барлық жас футболшыларға айтарым, сіздер кәсіпқой футболшы болмасаңыз да, осы орталықтағы шебер бапкерлердің жаттығуы көмегімен денсаулығыңызға пайдалы болады. Бәріңізді құттықтаймын және Алматы футболына сәттілік тілеймін!

Қазақстанның жастар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Қыран» футбол орталығының басшысы Берік Қаниев:

- Заманауи стадион салдық. Бұл біз үшін алғашқы әлеуметтік жоба емес. Футболды және балаларды біз жақсы көреміз. Бұл жерде еуропалық стандартқа сай футбол орталығын құруға барымызды салдық. Басты мақсат - балалардың қуанышы. Болашақта қай салада жүрмесін, олар біздің отанымыздың мықты азаматтарына айналуын тілейміз. Футбол біздің ата-аналарымызға қуаныш әкеліп, әр ойын сайын көтеріңкі көңіл күйді көреміз деп үміттенемін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или