Алматы қаласының жоғары оқу орындарының оқытушылары арасында спартакиада өтеді
Қазанның 21-і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Алматы қаласының жоғары оқу орындарының оқытушылары арасында спартакиада өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Жарыс Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ стадионында шағын-футбол, үстел теннисі, армрестлинг, арқан тарту, волейбол және шахмат спорт түрлерінен өткізіледі. Спартакиаданың ресми ашылуы сағат 10:00-де.
Спартакиадаға тек ЖОО-ның оқытушыларынан жасақаталған командалар қатыса алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдар, кубок және сыйлықтармен марапатталады.
Спартакиаданың басты мақсаты жоғары оқу орындарының оқытушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттап және үздік ұжымдарды анықтау болып табылады.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.