Әбілмансұр Батырғали каратеден жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері

Әбілмансұр Батырғали каратеден жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері

Қазақстандық каратеші Әбілмансұр Батырғали 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді. 

68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз жартылай финалда бельгиялық Квенти Махауденнен жеңіліп, турнирдің қола жүлдегері атанды. 

Әбілмансұр Олимпиададағы алғашқы кездесуінде аргентиналық Хуан Мартинес Салсенчті, кейін жапондық Котаро Накамураны жеңген болатын. 

Марокколық Яссин Секуримен өткен жекпе-жекте қарсыластар тең түсіп, екі спортшы да жартылай финалға жолдама алғанын естеріңізге саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или