Софья Николайчук семсерлесуден Азияда үштікке енді

Филиппиннің Манила қаласында өтіп жатқан семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты.
16 жастағы Софья Николайчук шпагадан қола жүлдегер атанды. Осыған дейін Айбике Хабибуллина мен Әйгерім Сарыбай жеңіс тұрғынан көрінген болатын.
Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде бар.
ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или