Филип Моррис пен Феррари ғылым мен технологияны жылжытуда
Филип Моррис Интернэшнл (ФМИ) және Скудерия Феррари 45 жылдық серіктестіктің жаңа кезеңі – кез-келген салада дамуға жол бастайтын ғылым, технологиялар және инновация рөліне қоғамның көңілін аудартатын Mission Winnow (Миссия «Уинноу») жобасын ұсынды.
Аталмыш жоба Жапониядағы Suzuka трассасында өтетін Формула 1 Гран-при кезеңі аясында басталды.
Mission Winnow темекі өнімдерін жарнамаламайды. Бұл оның мақсаты емес.
«Біз бұл бастама арқылы әлемге өзіміздің қай бағытта өзгергенімізді, ФМИ қызметкерлерінің қандай трасформация және өзгерістерге қол жеткізгенін айтқымыз келеді. Сонымен қатар, болашақты жарқын ете алатын өзіміздің ғылыми ізденістеріміз бен инновацияларымызды бүкіл әлем көргенін қалаймыз», – деді Филип Моррис Интернэшнл компаниясының басшысы Андре Калантзопулос.
«Winnow» деген атау да тегіннен тегін алынбады. Осыған дейін Winnow деп дәнді дақылды тазарту процессін айтатын. Қазір бұл сөз қажеттіні керексізден тазалау мағынасында қолданылады. Mission Winnow ФМИ компаниясының басты мақсаты – болашақты темекі уынан құтқаруға дөп қойылған атау. Компания ғылыми-инженерлік ізденістердің нәтижесінде үнемі алға қадам басу саясатын ұстанады.
«Mission Winnow біздің үнемі дамуға бет алатынымызды айқындайтын жоба. Дәнді тазалау, қажеті жоқ заттарды қоқысқа тастау, ескірген жұмыс істеу процессін артта қалдыру, міне бұл ФМИ қызметкерлерінің қазіргі жұмысы. Біз өткеннен сабақ алып, болашақтың жарқын болуы үшін атсалысамыз», - деді Калантзопулус.
ФМИ мен Скудерия Феррари әртүрлі бағытта жұмыс істесе де ортақ дүниелерге де ие. Екі компания да жетістікке жету үшін қызметкерлерінің жоғары стандарттарға сай болуы керек деп есептейді.
«Скудерия Феррари – Mission Winnow үшін таптырмайтын серіктес. Жеңіске жету үшін команда инновацияға үстемдік беріп, үнемі жетіліп отыруы керек. Біз, жобаны Жапониядағы жарыста бастады. Себебі, автоспорт жанкүйерлері жарыста барлығы тек алға қозғалатынын біледі және біз олардың біздің көзқарасқа қосылып, түсінетініне сенеміз», - деді Мирослав Зелински, ФМИ ғылым және инновация бойынша директоры.