Раушан Қойшыбаева: Күш-қуатым тасып жүр

Раушан Қойшыбаева: Күш-қуатым тасып жүр

Күні кеше ғана Индонезияда Паразиада аяқталды. Қазақстанның атынан 91 спортшы сынға түсіп, барлығы 33 жүлде жеңіп алған еді. Сол жүлде алған спортшылардың қатарында 2016 жылғы Риода өткен Паралимпиаданың күміс жүлдегері, парапауэрлифтинг спортшысы Раушан Қойшыбаева да бар. Prosports.kz тілшісі спортшымен әңгімелескен еді.

-Раушан апай, сізді жеңісіңізбен құттықтаймыз! Қалай қиын болды ма?

-Индонезиядан 20 күн бұрын, Жапонияда өткен Азия чемпионатына барып, күміс медаль еншілеген едім. Джакартаға жақсы көңіл-күймен келдім. Әрине, әу баста алтын алудың қиын екендігін білдік, өйткені қытайлық спортшының бүгінгі таңда көтеріп жүрген салмақтары өте жоғары, күміс медальға лайықты болдым деп есептеймін.

-Ия, қытайлық спортшы сізден әлдеқайда жас. Сіз керісінше спорттан кетуі мүмкін дейді?

- Спорттан кету туралы ойланған жоқпын, күшім тасып тұрғанда, ел намысын қорғағым келеді. Әлі талай жеңіске жетуім тиіс.

-Елге қашан ораласыздар?

Бүгін Джакартадан елге шығамыз. Бұйырса, ертең Алматыда боламыз.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или