Көркем гимнастика: Даяна Әбдірбекова Гран-при кезеңінде 4-ші орын алды

Көркем гимнастика: Даяна Әбдірбекова Гран-при кезеңінде 4-ші орын алды

12-14 қазан күндері Чехияның Брно қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған сында Қазақстан намысын Даяна Әбдірбекова қорғаған болатын. Даяна көпсайыс қорытындысы бойынша 8-ші орынға табан тіреді. 

Ал жекелеген снарядтағы жаттығу бойынша үздік төрттіке енді. Атап айтар болсақ, ұршықпен жаттығуда Даяна Әбдірбекова төртінші орын иеленді. Таспамен жаттығуда 6-шы, шығыршықпен жаттығуда 7-ші орыннан көрінді. 

Еске сала кетейік, Даяна Әбдірбекова командалық сында Азия ойындарының чемпионы атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или