Регбиден Қазақстан әйелдер командасы Азия серисында үздік үштікке енді
2018 жылдың 14 қыркүйегі мен 14 қазаны аралығында регби-7 спорты бойынша Азия сериясы өткен болатын. Аталған сында Қазақстан әйелдер командасы жүлделі үшінші орын иеленді деп жазады Olympic.kz.
Азия чемпионаты үш елде өтті. Атап айтар болсақ, құрлық додасын Гонконг, Оңтүстік Корея және Шри-Ланка мемлекеттері қабылдаған болатын.
Үш жарыста да жүлдегерлер қатарына енген Қазақстан құрама командасы жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.
Еске сала кетейік, қазақстандық регбишілер Джакаратда өткен Азия ойындарында да қола медаль жеңіп алған болатын.
ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или