Даяна Әбдірбекова гран-при кезеңінде 4-ші орын алды
12-14 қазан күндері Чехияның Брно қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі өтті деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған сында Қазақстан намысын Даяна Әбдірбекова қорғаған болатын. Даяна көпсайыс қорытындысы бойынша 8-ші орынға табан тіреді.
Ал жекелеген снарядтағы жаттығу бойынша үздік төрттіке енді. Атап айтар болсақ, ұршықпен жаттығуда Даяна Әбдірбекова төртінші орын иеленді. Таспамен жаттығуда 6-шы, шығыршықпен жаттығуда 7-ші орыннан көрінді.
Еске сала кетейік, Даяна Әбдірбекова командалық сында Азия ойындарының чемпионы атанған болатын.
ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или