Паразиада жеңімпаздарына қанша сыйақы беріледі?

Паразиада жеңімпаздарына қанша сыйақы беріледі?

Индонезия астанасы Джакарта қаласында өткен Паразиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Қазақстан үкіметі 164 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы үйлестіреді,- деп хабарлайды Prosports.kz сайты.<br />

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 6 -13 қазан аралығында өткен додаға 91 қазақстандық спортшы қатысып, олар  9 спорт түрінен жалпы саны 33 медаль (5 алтын, 15 күміс, 13 қола) жеңіп алды. Қазақстан жалпыкомандалық есепте 13-ші орын алды.

Қазақстан үкіметі алтын алған спортшыға 10.000$, күміс жүлдегерге 5.000$, қола медаль иесіне 3.000$ доллар көлемінде сыйақы береді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или