Паралимпиада комитеті жапониялықтармен біріге жұмыс істейді

Паралимпиада комитеті жапониялықтармен біріге жұмыс істейді

ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов Азия Паралимпиада комитетінің және Жапония Паралимпиада комитетінің вице-президенті Масаюки Мизуномен, сонымен қатар Жапония Паралимпиада комитетінің кеңесшісі Манабу Асомен кездесті.

Сүлейменов елдегі паралимпиадалық қозғалыстың дамуы және спортшыларды халықаралық деңгейге шығару үшін жан-жақты атқарылып жатқан жоспарлар жөнінде айтты.

Кездесу соңында тараптар Өзара ынтымақтастық меморандумын жасау туралы ауызша келісті. Егер бұл құжат ресми түрде қабылданса, онда шартты-құқықтық базаны құруға үлкен қадам болып, екіжақты ынтымақтастың дамуына жаңа серпін береді.<span><br /></span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или