Александр Винокуров Гавайдағы IRONMAN әлем чемпионатында 7 орынды иеленді

Александр Винокуров Гавайдағы IRONMAN әлем чемпионатында 7 орынды иеленді

<span>Олимпиада чемпионы Винокуров Гавай аралдарында өткен IRONMAN әлем чемпионатында 10 үздік спортшының қатарына кірді.</span>

<span> Гавайдағы Каилуа-Конада ұзын триатлон бойынша жылдың негізгі оқиғасы - IRONMAN әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Оған үш қазақстандық қатысады (төртінші спортшы стартқа шықпады). Негізгі қатысушылардың бірі олимпиада чемпионы Александр Винокуров жетінші орынды иеленді. Гавайдағы IRONMAN чемпионаты - әлемдегі ең күрделі жарыстардың бірі. Негізгі қиындықтар - ылғалдылықтың жоғалы болуы, ыстық ауа, жел мен ыстық асфальт. Бұл жарысты нағыз сынаққа айналдырады. </span>

<span>Дәстүр бойынша, барлық қатысушы 3,8 шақырым жерді жүзіп және 180 шақырымдық вело кезеңнен өткеннен кейін 42,195 шақырым жүгіру керек. Винокуров бірінші кезеңді 1:13:52 уақытта жүзіп өтті. Осылайша ол 45-49 жас аралығындағы қатысушылардың ішінде 212-ші болды. Алайда велосипед жарысына келгенде олимпиада чемпионы қалып қалған 23 минутын қуып жете алды. 180 шақырымды 4:18:06 уақытта еңсерген Винокуров бірінші болып келді. Бірақ марафонда алдыңғы орынды сақтап қала алмады. Көрнекті спортшы 3:33:35 уақытта 42,195 шақырымды жүгіріп шықты. Соңғы нәтиже бойынша Винокуров жетінші орынға ие болды. Сондай-ақ, жарысқа тағы екі қазақстандық - Екатерина Шатная және Нағима Керімбаева шықты. Қазір олар марафонды жалғастырып жатыр. Олардың нәтижесі аяқталғаннан кейін мәлім болады. IRONMAN секілді жарыстар алғаш рет 1978 жылы өткізілді. Сол кезде де ол Гавайда болған. 15 адам қатысқан турнирдің негізгі идеясы - жүзуші, велосипедші мен марафоншылардың арасында ең төзімді спортшыны анықтау болды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или