ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов Азия Паралимпиада комитетінің және Жапония Паралимпиада комитетінің вице-президенті Масаюки Мизуномен, сонымен қатар Жапония Паралимпиада комитетінің кеңесшісі Манабу Асомен кездесті.
Сүлейменов елдегі паралимпиадалық қозғалыстың дамуы және спортшыларды халықаралық деңгейге шығару үшін жан-жақты атқарылып жатқан жоспарлар жөнінде айтты.