Михаил Яковлев: Бар күшімді салғаныма құдай куә
Жасөспірімдер Олимпиадасында байдаркадан сынға түскен Михаил Яковлев өзінің неліктен жүлдесіз қалғанын түсіндірді.
- Қарсыластарым қарымды болып шықты. Негізі, басқа спортшылармен жарысамын деп ойлағанмын. Мен ойлағандай болмады. Бірақ мен бар күшімді салдым. Еш аянып қалмағаныма құдай куә, - деді жас спортшы
Михаилдің айтуынша, бұрылыс кезінде жылдамдық пен тепе-теңдікті ұстап тұру спортшыларға қиынға түскен.
- Әрине, қиындықсыз болмайды. Енді келесі жылы өтетін әлем чемпионатына дайындаламын, - деді ол.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или