Алматыда семсерлесуден қала чемпионаты өтеді

Алматыда семсерлесуден қала чемпионаты өтеді

Қазанның 15-і мен 17-і аралығында Алматыда «Барыс» спорт кешенінде семсерлесуден қала чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Қала біріншілігіне 1999-2001 жж., 2002 және төмен ерлер, әйелдер, жасөспірім қыздар мен ұлдар қатысатын болады. Жарыс халықаралық семсерлесу федерациясының ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Бірінші күні қатысушылар қылышпен, екінші күні рапирамен, ал үшінші күні семсермен с жарыс жолына шығады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қыздар мен ұлдар арасында жеке анықталатын болады.

Жарыстың басты мақсаты жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттап, осы спорт түрін қала бойынша дамыту және де мықты командалар мен спортшыларды анықтап ел чемпионатына қатысатын қала құрамысын құру болып табылады.

Жарыстың басталуы: 10:00-де.

Өтетін орны: Ақсай-1 көшесі, 10-ші үй. МКҚК «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі» базасында орналасқан «Барыс» спорт кешені.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или