Стелла Суханова Аргентинада қола медаль иеленді
Қазақстандық спортшы Стелла Суханова каноэ есуден спринт жарысында Аргентинада өтіп жатқан жасөспрімідер Олимпиадасының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
15 жастағы Стелла Суханова іріктеу кезеңінде 1:54.64 нәтижені көрсетіп, келесі айналымға төртінші орынмен өтті. Содан соң Стелла австралиялық қарсыласынан бұрын мәреге келді.
Ширек финалда Италия елінің өкілі Люкреция Зирониден озып кетті.
Жартылай финалда қазақстандық каноэ есуші венгриялық Эстер Рендессиге жол беріп, қола жүлдеге таласу мүмкіндігін алды. Үшінші орын үшін өткен сында Стелла Суханова неміс Джина Зинттен шамамен үш секунд жылдам болды. Стелланың уақыты- 1:54.25.
Айта кетейік, осы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Алғашқы екеуін дзюдошылар Бекарыс Сәдуақас пен Маргарита Гриценко жеңіп алған еді.