Нысана көздеуден қазақстандық спортшы жүлдеге іліне алмады

Нысана көздеуден қазақстандық спортшы жүлдеге іліне алмады

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында нысана көздеуден кезекті бәсеке аяқталды. 10 метрге тапаншамен атуда қазақстандық Эльдар Иманқұлов жүлдеге қол созым жерден тоқтады.

Финалда Иманқұлов 197 ұпай жинап, жалпы есепте 4-ші орыннан көрінді.

Бұл жаттығу бойынша үндістандық Чаудахри Саурабх чемпион атанды. Оның ұпайы көрсеткіші – 244.2. Екінші орында Оңтүстік Корея, үшінші орында Швейцария спортшылары.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или