Алматы әйелдер гандбол клубы Азия чемпионы атанды
Алматыда әйелдер клубтық командалары арасында гандболдан үшінші Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Ойындар 3-9 қазан аралығында «Достық» спорт кешенінде Қазақстан, Иран, Индия және Өзбекстан елдерінен келген 6 команданың қатысуымен өткізілді.

Тартысты әрі қызықты өткен чемпионаттың нәтижесінде Алматы қыздар гандбол клубы ең жоғары 10 ұпайды жинап, бірінші орынға ие болды. Екінші және үшінші орындарға қызылордалық «Қайсар» мен «Астана» командалары жайғасты.

- Алдымен Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы және Қазақстан гандбол Федерациясына осындай мейрам үшін алғыс білдіргім келеді. Біз алдын ала чемпион болып, барлық 5 ойында жеңіске жеттік. Ойыншылар менің нұсқаларымды орындап, командалық ойын көрсете білді. Өте қуаныштымыз. Сондай-ақ, келіп бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерімізге де алғысым шексіз. Енді алда бізді ел чемпионаты күтіп тұр, - деді «Алматы» командасының жаттықтырушысы Арсен Бердібеков.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок және медальдармен марапатталып, қатысушыларға сыйлықтар мен сертификаттар таратылды.