Пара Азия ойындары: Төртінші алтынды да жүзу спортынан алдық
Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан ІІІ Азия Параойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына бүгін төртінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды prosports.kz.
Айта кетерлігі, алтын жүлдені кеше ғана 100 метр қашықтыққа еркін жүзуден (S6) бірінші орын алған Ержан Сәлімгереев жеңіп алды. Ержан бүгін S6 санатында 50 метрге еркін жүзу жарысында ерледі.
Жүзу спортынан бақ сынап жатқан спортшыларымыз бұнымен шектелген жоқ, ерлер арасындағы S10 санатында 50 метрге еркін жүзуден қазақстандық спортшылар Сергей Кинах күміс медаль, ал Дмитрий Ли қола медаль еншіледі.
100 метр қашықтықта (S-10 санаты) Сергей Кинах екінші орынды иеленді.
Әнуар Ахметов S-13 санатында 100 метр қашықтықта күміс жүлде жеңіп алды.
Әйелдер арасында 200 метрге еркін стильде жүзуден (S-5 санаты) Зульфия Габидуллина қола медальға ие болды. Зульфия кеше 100 метрге еркін жүзуден алтын медаль алған болатын.
Қазірге дейін 4 алтын 10 күміс 9 қола медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы жалпы есепте 13-ші орында келеді.