Роза Абитова үздік жетілікке енді
Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында көркем гимнастика өкілі Роза Абитова жарысты бастады, - деп хабарлайды<span> </span>Olympic.kz cілтеме берген Prosports.kz
Қазақстандық спортшы шығыршық және доппен өткен жаттығудан соң жетінші орында келеді.
Абитова шығыршық жаттығуы бойынша 14.950, доп жаттығуы бойынша 15.650 ұпай жинады. Оның жалпы ұпай көрсеткіші - 30.600.
Топ басында 35.175 ұпай жинаған ресейлік Дарья Трубникова. Екінші, үшінші орындарда тиісінше Украина және Армения гимнастары.
Спортшылар енді ұршық пен таспа бойынша сынға түседі.
ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или