Спорттық акробатика: Архипова мен Немеренко жұбы финалда бақ сынайды

Спорттық акробатика: Архипова мен Немеренко жұбы финалда бақ сынайды

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында спорттық акробтикадан аралас жұптық сында өнер көрсеткен қазақстандықтар финалға өтті, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты. 

Анастасия Архипова мен Дмитрий Немеренко жұбы 80.800 ұпай жинап, жетінші орынға табан тіреді. Бұл олардың финалға өтуіне жеткілікті болатын. 

Финалдық бәсеке 15 қазанға жоспарланған. 

Ақтық сынға Қазақстаннан бөлек Израиль, Украина, Болгария, Беларусь, Ресей, Ұлыбритания және Португалия спортшылары жолдама алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или