Буэнос-Айрес-2018: Диана Назарова жүзуде іріктеуден аса алмады

Буэнос-Айрес-2018: Диана Назарова жүзуде іріктеуден аса алмады

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында жүзуден іріктеу сыны басталды.

Қазақстандық Диана Назарова келесі кезеңге өткен жоқ, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

100 метрге брасс әдісімен жүзуде сынға түскен Назарова өз тобында мәреге алтыншы болып келді.  Диана жалпы есепте 19-шы орынға тұрақтады. 

Еске сала кетейік, бүгін Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы жарыс күні басталды.

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Материалды қолданғанда дереккөзге сілтеме беру міндетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или