Буэнос-Айрес -2018: Қазақстан спортшыларының алғашқы қарсыласы анықталды
Бүгін Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы жарыс күні басталады. Бірнеше сағаттан соң бадминтоншы Дмитрий Панарин кортқа шығады.
Панариннің алғашқы қарсыласы - молдовалық Кристиан Савин.
Еске сала кетейік, Дмитрий Панарин жасөспірімдер Олимпиадасына жолдама алу үшін жиырмаға жуық іріктеу турниріне қатысып, әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді.
Сондай-ақ, 44 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін таеквондошы Әсел Усманованың да қарсыласы белгілі. Ол алғашқы кезеңде әзірбайжандық Миная Акбаровамен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или