Каратеден Қазақстан ұлттық құрамасы Жапонияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде
Каратеден Қазақстан құрамасы Жапонияның Юки қаласында (Ибараки префектурасы) оқу-жаттығу жиындарын бастады.
Аталған жиын Токиода өтетін премьер-лига кезеңі қарсаңында жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бұл басқосуды 2020 жылғы Токио Олимпиадасына дайындық кезеңі аясында жапон тарабы ұйымдастырғанын айта кеткен жөн.
Юки қаласының билігі 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дейін каратеден Қазақстан құрамасының жиындарын өткізу міндетін өз мойнына алмақ. Оның ішінде команда мүшелерінің жол шығындары да бар.
Меморандумға оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң, 10 қазан күні қол қойылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или