Олимпиадаға қатысатын қазақстандық делегациясы Буэнос-Айреске келді
Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын қазақстандық делегация Аргентина астанасы Буэнос-Айреске ұшып келді, деп хабарлайды<span> </span>Olympic.kz порталына сілтеме жасаған Prosports.kz
Жас спортшылар Олимпиада астанасына жету үшін әуе кемесінде жалпы есебі 27 сағат уақыт өткізді. Олар Астана-Стамбул-Сан-Паулу-Буэнос-Айрес бағытымен ұшқан болатын.
Еске сала кетейік, жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын 58 спортшы қорғайды. Ойынды ұйымдастырушылар ең соңғы сәтте теннисші Дастанбек Ташбулатовтың жарысқа қатысуына мүмкіндік берген болатын.
Бүгін спортшылар олимпиадалық қалашыққа орналасты. Ертеңнен бастап Аргентинадағы алғашқы жаттығу жұмыстары басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или