Ferrari жарыс жолына жаңа бояумен шығады

Ferrari жарыс жолына жаңа бояумен шығады

Ferrari командасы Жапония Гран-приінде жаңа бояумен шығады, деп хабарлайды Autosport.

Бас демеушісі «Philip Morris International» жаңа бастамаға мұрындық болды.

Ferrari SF71H ребрендингінің ауқымы әлі айқын емес, бірақ бейсенбі күні ресми көрсетілімнен бұрын таралып кеткен жарнамалық суреттер мен бейнетүсірілімдер автокөліктің көзге түсетін жерлерінде, мысалы, қозғалтқыш қақпағы, жапқыш қалқандар және артқы қанатында жаңа логотиптер орналасатынға ұқсайды.

Биылғы жылдың басында «Philip Morris» компаниясы «Ferrari-мен» бас демеушілігін 2021 жылға дейін ұзартқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или