Қапшағайда желкенді спорттан Қазақстан біріншілігі басталды
Қапшағай су қоймасында желкенді спорттан жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі басталды.<br />Ел чемпионатына 50 спортшыдан құралған төрт команда қатысуда.
Атап айтар болсақ, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан және Алматы облысының спортшылары біріншілік жүлдесіне таласпақ.
«Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 8 қазан күні анықталады. Чемпионат қорытындысы бойынша еліміздің жастар құрамасын жасақтаймыз. Әрі қарай спортшылар халықаралық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысады», - деді бас бапкер Олег Кулавицкий.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или