«QAZSPORT» телеарнасы ІІІ Паразия ойындарын көрсетеді
<span lang="KZ">«QAZSPORT» телеарнасы 6-13 қазан аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін ІІІ Паразия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді. </span>
<span lang="KZ">Дүбірлі додаға 43 мемлекеттен үш жарым мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Үздіктер параспорттың 18 түрінен анықталатын болады. Қазақстан құрамасы 9 спорт түрінен (жүзу, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, дзюдо, садақ ату, оқ ату, отырып ойнайтын волейбол, үстел теннисі, шахмат) бақ сынайды. </span>
<span lang="KZ">Еліміздің намысын 2016 жылғы Паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллина, әлем чемпионы Наталья Звягинцева және 2014 жылғы Паразиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қорғайтын болады. Джакартада Қазақстан құрамасының сапында барлығы 91 спортшы өнер көрсетеді. </span>