Астанада спортшыларды жасөспірімдер Олимпиадасына шығарып салды

Астанада спортшыларды жасөспірімдер Олимпиадасына шығарып салды

Бүгін елордада Қазақстан ұлттық құрамасын 6-18 қазан аралығында Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтетін ІІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына шығарып салу рәсімі өтті.

Бұл туралы Prosports.kz Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 22 түрі бойынша 57 спортшы қорғайды. Отандық спортшылар жасөспірімдер Олимпиадасына 41 жолдама жеңіп алды. 

<span>Жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан байрағын 18 жастағы боксшы Дамир Тойбай алып шығады. Ол биыл өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. </span>:

III жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы 6-18 қазан аралығында Буэнос-Айресте өтеді. Төртжылдық додасына 206 елден 15-18 жас аралығындағы 3926 спортшы қатысады. 32 спорт түрі бойынша медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Олимпиадалық қозғалыс тарихында алғаш рет жасөспірім ұлдар мен қыздардың саны теңесті – 1963 адам. Жарыс бағдарламасына алғаш рет брейк-данс, каратэ, спорттық құзға өрмелеу, роллер-спорт, жағажай гандболы және футзал енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или