Астанада бразилиялық джиу-джитсуден үздік шеберлер өнер көрсетеді

Астанада бразилиялық джиу-джитсуден үздік шеберлер өнер көрсетеді

Астанада Қазақстанның және шет мемлекеттердің спортшылары джиу-джитсуден «бразил систем» бөлімінен Ашық республикалық турнирде Елорда кубогына таласады, деп хабарлайды Prosports.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми порталына сілтеме жасап.

Дүбірлі дода 5-7 қазанда «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.

Республикалық турнирге Азия құрлығы мен аралдардың, басқа да мемлекеттердің, облыстар мен Астана және алматы қалаларының командалары қатысады. Жарысқа ақ, көк, қызылкүрең, қоңыр, қара белбеулерге бөлінген 6-45 жастағы спортшылар жіберіледі.

5 қазанда спортшылардың келуі және оларды қоныстандыру, сондай-ақ 6-15 жастағы жасөспірімдердің салмағын өлшеу жоспарланған. Ал жекпе-жектер 6 және 7 қазанда «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарын Кубокты тамашалауға шақырамыз. Жарысқа кіру – тегін.

6 қазанда сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін балалар арасындағы жарыс өтеді. Осы күні сағат 14:00-де джиу-джитсуден Астана кубогының ашылу салтанаты ұйымдастырылады. Бұдан басқа, сағат 14:00-ден 15:30-ға дейін «Astana Jiu-Jitsu Cup 2018» аясында «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешенінде бразилиялық джиу-джитсуден Әлем чемпионы Алана Финфоу және джиу-джитсуден басқа да әлемдік жұлдыздардың қатысуымен семинар өтеді.

Жексенбі күні, 7 қазанда «Дәулет» спорт кешеніндегі жарыс 10:00-де басталады. Жеңімпаздар арасындағы титул үшін абсолютті жекпе-жектер сағат 19:00 белгіленген. Astana Jiu-Jitsu Cup кубогы қазақстандық спортшы Дархан Нортаев пен бразилиялық Артур Ланестің, сондай-ақ Нұржан Сейдуали мен Лукас Пинхейроның арасындағы Чемпиондық белбеу үшін күреспен аяқталады.

Astana Jiu-Jitsu Cup додасының ең қызықты жекпе-жектерінде атақты бразилиялық шеберлер Алан Финфоумен Густаво Кампос күш сынасады. Айта кетейік, Бразилиядан келетін қонақтар оңтүстікамерикалық өңірдің және әлемнің танымал джитсерлерінің бірі болып табылады.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 15 000 АҚШ доллары.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или