Италияда клифф-дайвингтен халықаралық жарыс өтті
Италияның Полиньяно-а-Мар қаласында клифф-дайвингтен халықаралық жарыс сериясының финалы өтіп, ерлер арасында британдық Гэри Хант жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.
<span>Адриатика теңізінің жағалауында өткен жарыста ол 26 метр биіктіктен ең күрделі жолмен секіріп, америкалық Стивен ЛоБлю мен мексикалық Джонатан Паредестен озып шықты. Нәтижесінде Лоблю екінші, ал Паредес үшінші орынға орнықты. Сөйтіп, Хант клифф-дайвингтен әлем чемпионы атағын жетінші рет иеленді. </span>
<span>Ал әйелдер арасында бірінші орынды австралиялық Рианна Иффланд алды. Финалда ол мексикалық Адриана Хименес пен канадалық Лизанн Ричардты басып озды. Рианна Иффланд бұл титулды үшінші рет иеленіп отыр.</span>
<span></span>