Қазақстандық қыз қол күрестен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық қыз қол күрестен әлем чемпионы атанды

Ақмола облысының спортшысы Зарина Канафина қол күрестен әлем чемпионы атанды.

Спортшылар арасындағы жарыс Ресейдің Тула қаласында өтуде. Бұл сайыста Қазақстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Армения, Румыния, Әзірбайжан, Чехия, Германия және басқа елдерді қоса алғанда әлемнің 37 елінен 300 үздік спортшы өнер көрсетуде.

Жарыс жас санаты бойынша 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатыр. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында 47 салмақ санатында 21 жасқа дейінгі спортшылар сынға түсті.

Аталған спорт түрі бойынша әлем чемпионы атанған отандасымыз Зарина Канафина Ақмола облысының мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі болып табылады. Ол 65 келі салмақ санатында өнер көрсетті. Зарина Ресейдің және Иран елінінің спортшыларымен бақ сынасты. Екі қарсыласын да тізе бүктірген Канафина осылайша алтын медальді жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или