Азиада жүлдегері Аян Бейсенбаев триатлоннан Еуропа кубогіне аттанды
Қазақстандық триатлоншылар Түркияның Алания қаласында өтетін Еуропа Кубогіне қатысады, деп хабарлайды<span> Prosports.kz тілшісі ҚР ҰОК порталына сілтеме жасап</span>.
22-23 қыркүйек күндері Аланияда қарт құрлықтың триатлоншылары бас қосады.
Аталған сында Қазақстан намысын Азия ойындарының күміс жүлдегері әрі ел чемпионы Аян Бейсенбаев, сондай-ақ, Мейірлан Ысқақов пен Темірлан Теміровтер қорғайды.
Ал Дэнис Туницкий, Ашраф Камалова және Наталья Короткова «спринт» бойынша жасөспірімдер арасында бақ сынайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или