Қазақстандық таеквондошылар Тайпейдегі Гран-при турниріне аттанды

Қазақстандық таеквондошылар Тайпейдегі Гран-при турниріне аттанды

Ертең Тайпейдің Таоюань қаласында таеквондодан G4 санатындағы Гран-при турнирі өтеді. Аталған сынға төрт қазақстандық спортшы қатысады, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Гран-при бәсекесінде ел намысын Жансель Дениз (67 келі), Руслан Жаппаров (80 келіден жоғары), Нұрлан Мырзабаев (80 келіге дейін) және Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейін) қорғайды.

Алғаш болып ауыр салмақтағы спортшылар  - Руслан Жаппаров пен Смайыл Дүйсебай жүлдеге таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или