Алина Әділханова көркем гимнастикадан әлем чемпионатында 19-шы орында

Алина Әділханова көркем гимнастикадан әлем чемпионатында 19-шы орында

Болгарияның Софья қаласында көркем гимнастикадан 36-шы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды<span> Олимпиада комитетінің ресми сайты</span>.

Азиада чемпионы Алина Әділханова көпсайыста 19-шы орын иеленді.

Ол шығыршықпен жаттығуда 16.975, таспамен жаттығуда 16.300, ұршықпен жаттығуда 16.200, доппен жаттығуда 16.700 ұпай жинады.

Әділханованың жалпы ұпай көрсеткіші  - 66.175. 

Ал көпсайыстан әлем чемпионы атағын ресейлік Дина Аверина иеленді. Екінші орында израильдік Ашрам Линой. Қола жүлдені тағы бір ресейлік спортшы Александра Солдатова иеленді. 

Командалық есепте 6 алтын медаль иеленген Ресей құрамасы бірінші орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или