Астанада триатлоннан Әлем кубогының кезеңі өтеді
Австралияда Халықаралық Триатлон Одағының кезекті ХХХІ конгресі өтті. Жиынға 46 елдің өкілдері қатысып, алдағы жоспарларды талқылады, деп жазады<span> </span>Olympic.kz.
Конгреске әлемдегі ұлттық федерациялардың барлығы дерлік қатысты. Оның ішінде, қазақстандық делегация да бар.
Жиында ITU биылғы маусымды қорытындылап, маңызды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, триатлоннан өткізілетін жарыстардың кестесі түзілді.
<span>Конгреске қатысушылар 2019 жылдың 15-16 маусымында Қазақстанда әлем кубогі кезеңін өткізуді бір ауыздан мақұлдады. Астана өз тарихында екінші рет триатлоннан әлем кубогі кезеңін қабылдамақ.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или