Елордалық спортшылар таэквондодан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Елордалық спортшылар таэквондодан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Атырауда Азия құрлығының спортшылары арасында таэквандодан І Ашық чемпионат аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейтингтік турнирге түрлі мемлекеттерден 300-ден аса спортшы қатысты.

Жарыста Астананың атынан Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің (МЖСШМ) тәрбиеленушілері мен «Жігер» спорт клубының атлеттері күш сынасты. Елордалық спортшылар жарысты жақсы нәтижемен аяқтады. Чемпионат қорытындысы бойынша астаналық таэквондошылар 12 медаль олжалады.

МЖСШМ спортшылары Ашық Азия чемпионатынан елге алты жүлдемен оралды. Меруерт Көпболсынова мен Эльдар Биримбай алтын алса, Айнагүл Батыр, Ботагөз Қосмағамбет пен Әлішер Бесембай күміске қол жеткізді. Сапарғали Әбдірашев қоланы қанағат тұтты.

«Жігер» спорт клубының 6 спортшысы жарыста үздік нәтижелер көрсетті. Әли Қайырғалиев, Снежана Кан, Филия Ковба чемпион атанса, Аделя Құрманова мен Наргиз Ғазиз екінші орын алды, Венера Жаркей қола жүлде иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или