Атырауда таеквондодан Азия чемпионаты өтіп жатыр
Бүгін Атырауда таеквондодан Азияның І ашық біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz
Рейтингілік турнирге 15 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы қатысуда.
Спортшылар додасы Хиуаз Доспанова атындағы мұз сарайында өтуде. Үш күнге созылатын бәсекеде құрлық үздіктері анықталмақ.
Чемпионаттың ашылу салтанатында Қазақстандағы Оңтүстік Корея елшісі Ким Дэ Сик, Азия таеквондо одағының президенті Кю Сэок Ли, ҚР ҰОК бас хатшысының орынбасары, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының бас директоры Елдос Рамазанов және Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

Еске сала кетейік, былтыр Атырауда таеквондодан тұңғыш рет жастар арасындағы Азия чемпионаты өткен болатын. Аталған сынға 26 мемлекеттен 500-ге жуық спортшы қатысты.