ДКО-2018: Көкпардан Қазақстан финалға неліктен шыға алмады

ДКО-2018: Көкпардан Қазақстан финалға неліктен шыға алмады

Қазақстан Көкпар федерациясының президенті Ерлен Оспанов «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне турнир фавориті деп танылған команданың неліктен ұтылып қалғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

<span> Кеше Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан командасы жартылай финалда өзбекстандықтарға жол беріп, үшінші орынмен шектелген болатын.</span>

<span>«Біріншіден, біздің команда бір күнде екі ауыр ойын өткізді. Жартылай финалға шығу үшін АҚШ құрамасын 20:9 есебімен, Красноярск командасын 15:3 есебімен жеңді. Ал жартылай финалға жеткенше жігіттер шаршап қалды.</span>

<span>Бұл әлемде кең таралған тәжірибе. Көптеген халықаралық ірі турнирлерге командалар шамасын байқау үшін жастарды шығарады. Жігіттердің барлығы 93-98 жылы туғандар. Соған қарамастан, қазақстандықтар негізгі құраммен келген Өзбекстанға небәрі бір ұпаймен есе жіберді», - деді Е. Оспанов.</span>

<span> Айта кетейік, барлық командалар турнирге бірінші құраммен келген.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или