Елордада стритболдан Азия чемпионаты өтеді

Елордада стритболдан Азия чемпионаты өтеді

7-9 қыркүйек күндері Астана қаласында стритболдан FІВА 3х3 Asia Quest Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Аталған додаға әлемнің 13 елінен спортшылар қатысады. Барлық іс-шара «ЕХРО»-ға қарсы орналасқан «MEGA Silk Way» ОСО-ның маңындағы алаңда ұйымдастырылады.

Астанада өтетін бұл байрақты бәсекеге Азияның алты өңірінде іріктеуден өткен әлемнің 13 елінен 130 спортшы қатысады деп күтілуде. Сынға түсетін 32 команданың бесуі Қазақстан өкілдері. Аталған турнир әлемнің 10-нан астам елінде тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Стритболдан Азия чемпионаты Қазақстан стритбол лигасы (SLK) мен Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA 3Х3) ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің тікелей қолдауымен өткізілгелі отыр. SLK қазіргі таңда елімізде стритбол мәдениетін дамытумен белсенді айналысып келе жатқан бірден-бір ұйым.

Турнирдің жүлде қоры 32 000 АҚШ доллары.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или