Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласында өтіп жатқан ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойынында армрестлинг сындары толықтай мәресіне жетті. Қазақстандық ұл-жігіттер айтулы додада командалық есепте бірінші орынды айқын басымдықпен иеленді.
Армрестлингтен ұлттық құрама Көшпенділер ойындарында үздік нәтижені көрсетті
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Жапония, Үндістан, Корея, Әзірбайжан, Пәкістан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан тағы басқа да мемлекеттерінің спортшылары күш сынасты.
Қазақстанның əнұраны 7 рет шырқалып, көк туымыз биікте желбіреді. Одан кейінгі ІІ орынды Украина командасы еншілесе, ІІІ орын жарыс қожайындары Қырғызстан мемлекетінің спортшыларына бұйырды.
Қазақстандық команда 7 алтын, 5 күміс (сол қолмен 4 алтын, 2 күміс, оң қолмен 3 алтын, 3 күміс) еншіледі.
Жеңімпаздар қатарында әйелдер арасында Оксана Писменная 75 келіде, Антонина Лисянская +75 келіде оң және сол қол бағдарламасы бойынша жеңімпаз атанды. Ерлер арасында 75 келіде Вали Фараджов пен 95 келіде Андрей Степанчук күміс (оң және сол бойыншада) еншіледі. Ауыр салмақтар 105 және +105 келілерде Олег Сазанов пен Дмитрий Трибун алтын және күміс (оң және сол) еншіледі.