Қазақстандықтар Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады

Қазақстандықтар Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан өнер көрсетуін аяқтады.

Ел қоржынына соңгы медальді регбиші қыздарымыз алып берді.

Ертең, 2 қыркүйек, триатлоннан финалдық жарыс өтеді, алайда қазақстандықтар бұл сайыс түрі бойынша өнер көрсетпейді. Осылайша, отандық спортшылар үшін турнир аяқталды.

Жарыстың соңғы күні спортшыларымыз ел қоржынына 12 медаль әкелді: олардың үшеуі - алтын. (Каноэші Инна Клинова, самбошы Ділдаш Күрішбаева және ерлер су полосы командасы)

Жалпы алғанда, Қазақстан Индонезиядағы Азия ойындарында 76 медаль жеңіп алды - 15 алтын, 17 күміс және 44 қола. Жалпы есеп бойынша еліміз 9-шы орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или