Триатлоншы Аян Бейсенбаев Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды
Азия ойындарында триатлоннан ел намысын қорғаған Аян Бейсенбаев күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды<span> Олимпиада комитетінің ресми сайты.</span>
Қазақ жанкүйерлері спорттың бұл түрінен жүлде күтпегені рас. Бірақ дүбірлі додада намысқа тырысқан Аян Бейсенбаев Азиаданың күмісіне қол созды.
Ол жүзу, веложарыс және жүгіруді 1:50:38 уақыт көрсеткішінде аяқтады.
Аян Азия ойындарының чемпионы атанған жапондық Джампей Фуруядан 55 секундқа ұтылды. Үшінші орында қытайлық Мингсю Ли.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или