Инна Клинова - Азия ойындарының чемпионы
Кеше іріктеу сынында үздік нәтиже көрсеткен Инна Клинова байдаркамен 200 метрге жарысудан финалдық кезеңде де білгенінен жаңылған жоқ, деп жазады prosports.kz.
Джакарта жерінде өте сенімді өнер көрсеткен отандасымыз Азия ойындарының чемпионы атанды.
Клинованың финалдық кезеңдегі нәтижесі – 42.045. Ол қытайлық қарсыласынан 0.462 секундқа озып кетті. Қола жүлде жапониялық спортшының еншісінде. Осылайша, еліміз спортшылары бүгінгі күнді үлкен жеңіспен бастады.
ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или